5 маусымда "Болашаққа" құжат қабылдау басталады

0
680

Құжаттарды қабылдау 7 шілдеге дейін жалғасады.


5 маусымда

ERNUR.KZ. "Болашақ" мемлекеттік бағдарламасы бойынша құжаттарды қабылдау 2023 жылдың 5 маусымынан басталады, деп жазады sputnik.kz.

Өтініштер eGov.kz мемлекеттік қызметтер порталы арқылы қабылданады. Орталық хабарлауынша, бағдарлама бойынша құжаттар қабылдаудың келесі легі 17 шілде мен 15 қыркүйек аралығында өтеді. Биыл "Болашақ" бағдарламасына 555 адам қатыса алады.
Бұл ретте 395 стипендия магистратура және резидентура, 50 стипендия докторантура, 110 стипендия тағылымдама бағдарламалары бойынша бөлінген. Басым мамандықтар тізімі 262 мамандықты қамтиды.
Орталықта хабарлағандай, биыл "Болашақ" стипендиясы аясында үміткерлерді іріктеу қағидалары жетілдірілді. Енді шетелдік жоғары оқу орнындағы гранты бар үміткерлер дешәкіртақыға таласа алады.
"Болашақ" бағдарламасы баспана, тамақтану, медициналық сақтандыру, ұшу, визалық алымдар, оқу материалдарын сатып алу шығындарын өтейді. Сондай-ақ еңбекпен өтеу мерзімі бір жылға қысқарады", - деді "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ басқарма төрағасы Олжас Сәкенов.
Оның айтуынша, стипендияны тағайындау конкурсына жеңілдігі бар үміткерлерді қоспағанда, жетекші шетелдік жоғары оқу орнынан шартсыз шақыруы бар үміткерлер ғана қатыса алады.
Іріктеу жүйесіндегі тағы бір жаңалық – үміткерлер өтінім берген кезде шет тілінен емтихан тапсырғаны туралы сертификат ұсынады.
"Ағылшын тілінде оқыту бойынша магистратураға түсушілер нәтижесі кемінде 9.0-дан 6.0 бар IELTS, TOEFL: PBT 677-ден 498, IBT 120-дан 60, тағылымдамадан өтуге үміткерлерде – IELTS 5.0, TOEFL: PBT- 417, IBT - 35, DET 75 ертификаттары болуы керек", - деп жазылған хабарламада.
Қазақстан президенті "Болашақ" бағдарламасын инженерлік-техникалық кадрларды даярлауға басымдық беруді тапсырды.
Үміткерлерді қолдау үшін "Инженерлік-техникалық қызметкерлер" атты жаңа жеңілдік санаты енгізілді. Сонымен қатар Халықаралық бағдарламалар орталығының бастамасымен медициналық қызметкерлерді іріктеу қағидалары жетілдірілді.
"Аталған өзгертулердің арқасында қазақстандық дәрігерлер мен техника саласының қызметкерлер "Болашақ" аясында мерзімі 12 айға дейінгі тегін тілдік дайындықтан өте алады", - деп хабарлады Халықаралық бағдарламалар орталығындағылар.