5 мыңға жуық павлодарлық арақ ішкені үшін айыппұл төледі

0
756

Арақ ішкендерге салынған жалпы айыппұл көлемі 51 млн теңгені құрап отыр.


5 мыңға жуық павлодарлық арақ ішкені үшін айыппұл төледі

ERNUR.KZ. Жыл басынан бері Павлодар облысында 4784 адам арақ ішіп, мас күйінде қоғамдық орындарда жүргені үшін жазаланды, деп жазады inbusiness.kz.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, олардың әрқайсысы әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Ал арақ ішкендерге салынған жалпы айыппұл көлемі 51 млн теңгені құрап отыр.

«Бұл жағдайда алкоголь өнімдерін сататын дүкендер де кері әсер етіп отыр. Олар 21 жасқа толмаған жасөспірімдерге алкоголь өнімдерін сатады. Сатып алушының кәмелеттік жасқа толмағанын біле тұрып, сауда жасайтындар да бар, – дейді департамент мамандары.

Бұл ретте жыл басынан бері сағат 21.00-ден кейін немесе кәмелеттік жасқа толмағандарға алколголь өнімдерін сатқаны үшін 207 кәсіпкер жауапкершілікке тартылған.