5 мыңнан астам алматылық өздерін банкрот деп тануға өтінім берген

0
775

527 азаматқа қатысты соттан тыс банкроттық рәсімі басталды.


5 мыңнан астам алматылық өздерін банкрот деп тануға өтінім берген

ERNUR.KZ. Алматыда банкроттық рәсіміне жеке тұлғалардан 5 730 өтініш түсті. Оның ішінде 5 603 өтініш (97,8%) қаралды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы" Заңды іске асыру шеңберінде 2023 жылғы 3 наурыздан бастап 23 қазанға дейін 5 730 өтініш түсті", - деді Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің берешекпен жұмыс басқармасының басшысы Айдос Бұдығұлов.

Өтінім берген 527 азаматқа қатысты соттан тыс банкроттық рәсімі басталды, бұл келіп түскен өтініштердің 9,2% -ды құрайды. 4 526 өтініш бойынша азаматтар соттан тыс банкроттықты бермеу туралы хабарлама алды (бас тартудың негізгі себебі кейбір қарыз шарттарына сәйкес келмеу болып табылады берешекті өтемеу кезеңі 12 айдан аспайды немесе мүлкі бар). 550 азамат банкрот деп танылды, бұл түскен өтініштердің 9,6% құрады. 127 өтінішке қатысты (бұл барлық келіп түскен өтініштердің 2,2%-ы) тексеру жүргізіледі және қаралуда.