500 адамға той жасаған қарағандылық шенеуніктің басы дауға қалды

0
413

Шенеунікке қатысты арнайы тексеру тағайындалады.


500 адамға той жасаған қарағандылық шенеуніктің басы дауға қалды

ERNUR.KZ. Қарағанды облысының әкімдігі 500 адамға арналған той ұйымдастырған шенеунікке қатысты түсініктеме берді, деп жазады baq.kz.

7 тамызда әлеуметтік желілерде Қарағандыда жоғары лауазымды шенеунік 500 адам шақырып, ұзату тойын жасап жатқаны туралы видео пайда болған еді. Тойды Қарағанды облысы жер қатынастары басқармасының басшысы жасаған деген ақпарат шықты.





Шенеунікке қатысты арнайы тексеру тағайындалады.
"Аталған мемлекеттік қызметшіге қатысты арнайы тексеру басталды. Карантиндік шектеулерді бұзу фактілері расталған жағдайда, атқаратын лауазымынан босатуға дейінгі ең қатаң шара қабылданатын болады", - деді Қарағанды облысы әкімінің баспасөз хатшысы Марина Шаповалова.
Ол сондай-ақ, санитарлық нормалардың бұзылуына байланысты іс-шара тоқтатылғанын атап өтті. Ұйымдастырушыларға әкімшілік айыппұл салынады.
Қарағанды облысы коронавирустық инфекцияның таралуы бойынша «қызыл» аймақта орналасқан. Өткен тәулікте өңірде 1050 адам вирус жұқтырған.