55 жасында зейнетке кеншілермен бірге металлургтер, рентгенологтар шығады

0
3 120

Тамара Дүйсенова норма жыл соңына дейін заңмен бекітілетінін және 2024 жылдан бастап күшіне енетінін атап өтті.


55 жасында зейнетке кеншілермен бірге металлургтер, рентгенологтар шығады

ERNUR.KZ. Үкімет басшысының орынбасары - еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова 55 жасында зейнетке кеншілер ғана емес, металлургтер, рентгенологтар және қауіпті өндірістердің басқа да қызметкерлері шығатынын мәлім етті, деп жазады ulysmedia.kz.

Оның айтуынша, қазір жұмыс тобы кеншілерді ертерек зейнетке шығару жағынан бір тоқтамға келген. Міндетті шарттар 55 жас, кемінде 7 жыл еңбек өтілі, міндетті зейнетақы жарнасы болмақ.

«Қазір жұмыс аяқталу сатысында. Айтқанымдай, мемлекеттік бюджет бойынша, 2015 жылдан бастап БЖЗҚ-ға және сақтандыру компанияларына аударылатын міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын алу мүмкіндіктері қарастырылып жатыр. Нормалар тек кеншілерге ғана қатысты емес, олар МРТ-да жұмыс істейтін және металлургтер, рентгенологтарға да қатысты болады», - деді ол Назарбаев Университетінің кулуарларында.

Тамара Дүйсенова норма жыл соңына дейін заңмен бекітілетінін және 2024 жылдан бастап күшіне енетінін атап өтті.

Айта кетейік, кеншілердің ерте зейнетке шығу мәселесі Еңбек министрлігінде бір жылдан астам уақыт бойы талқыланып келеді.

Қарағанды облысында Қазақстан кенішінде бес шахтердің қаза болуы кеншілерді зейнетке ертерек шығару мәселесін өзектендіре түсті.