6 мыңнан астам қазақстандық «банкрот» атануы мүмкін

0
516

Жауапты ведомствоға 49 мың өтініш келіп түскен.


6 мыңнан астам қазақстандық «банкрот» атануы мүмкін

ERNUR.KZ. Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Сенаттың жалпы отырысының кулуарында жеке тұлғалардың банкроттығы туралы айтты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов бүгінге дейін «өзін банкротпын» деп жариялауға қанша адам өтініш бергенін айтты.

«Қазіргі таңда ведомстволарға 49 мың арыз түсті. Солардың 6 мыңнан астамы өңделіп, оң шешімі қабылданды. Енді 6 айдың ішінде ол азаматтарға «банкрот» мәртебесі берілуі мүмкін. Яғни, әзірге бірінші шешім қабылданды», - деп айтты вице-министр.

Ержан Біржановтың айтуынша, нақты шешім әлі қабылданған жоқ.

«Себебі заңнама бойынша 6 ай мерзім өтуі керек. Сондай-ақ 36 мың арыз берушінің арызы кері қайтарылды. Кей азаматтар соттан тыс банкроттық рәсімінің критерийлеріне сәйкес келмей жатыр. Оның себебі – қарызының мөлшерден жоғары болуы (5,5 млн теңгеден астам – вице-министр), өздерінің активтерінде мүлік немесе автокөлік болуы сияқты сұрақтар туындап жатыр. Бірақ айта кетерлігі, егер біз арызды қайтаратын болсақ, заңнама аясында көрсетілген 3 айдың ішінде қайта арыз бере алады», - деп түсіндірді ол.

Елімізде «Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы» заң 3 наурыздан бастап іске асырылып жатқанын еске сала кетейік.