600 адам пойызбен эвакуацияланады: Астана-Көкшетау тас жолы жабылды

0
430

Мұндай шара ауа райының қолайсыздығына байланысты қолға алынған.


600 адам пойызбен эвакуацияланады: Астана-Көкшетау тас жолы жабылды

Фото: "Жолаушылар тасымалы" АҚ

ERNUR.KZ. Астана-Көкшетау тас жолының жабылуына байланысты жолда қалған 600 жолаушы пойызбен эвакуацияланады, деп жазады stan.kz.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, мұндай шара ауа райының қолайсыздығына байланысты қолға алынған.

"Ауа райының қолайсыздығына және "Астана-Көкшетау" автожолының жабылуына байланысты көліктің қолжетімділігін қамтамасыз ету шаралары қабылданды. 2024 жылдың 12 қазанында Астана-Көкшетау-Астана бағыты бойынша жүретін пойыздарға қосымша 13 вагон қосылды. Бұл шаралар 600-ге жуық жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді", – делінген хабарламада.