7 мыңнан аса адамның банкроттыққа берген өтініші қанағаттандырылмады

0
398

Банкроттық бойынша 10 382 өтініш қаралған.


7 мыңнан аса адамның банкроттыққа берген өтініші қанағаттандырылмады

ERNUR.KZ. Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов өзін сотсыз банкрот деп жариялағысы келген кей азаматтардың өтініші неге қанағаттандырылмағанын түсіндірді, жазады ҚазАқпарат.

«Бүгінде банкроттық бойынша келіп түскен 10 382 өтініш қаралды. Бұл - барлық келіп түскен өтініштің 30 пайызы. Осылайша 2 670 азаматқа қатысты соттан тыс банкроттық рәсімдеу басталды. Аталған көрсеткіш барлық жүгінгенушінің 26% құрайды. Оның ішінде атаулы әлеуметтік көмек алушы 375 азамат бар. Сонымен қатар 985 тұлғаның 5 жылдан астам уақыт қарызын өтемей келгені анықталды. Борышкерлер туралы мәлімет электронды үкімет веб-порталында орналастырылған», – деді Ержан Біржанов орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, 7340 өтініш иесіне сотсыз банкрот деп жариялаудан бас тарту жөнінде хабарлама жолданған.

Сондай-ақ, вице-министрдің орынбасары соттан тыс бас тартудың негізгі себептерін атап өтті.

- Кредиттік бюроның мәліметі бойынша 6713 тұлғада 12 ай ішінде берешекті ішінара өтеуі бар немесе берешек сомасы 1600 АЕК-тен асады;

- Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 1846 тұлға бойынша 6 ай ішінде атаулы әлеуметтік көмек алып келгенін растаған жоқ;

- 1463 тұлға жұбайының бар екенін көрсетпеген, сәйкесінше олардан рәсімді қолдануға келісім алған жоқ;

- 1349 тұлғаның меншігінде жылжымайтын мүлік бар;

- 941 азаматта жер учаскелері бар;

- 789 азаматтың атына автокөлік тіркелген.