Айыпты 150 мың сом немесе бізше 780 мың теңгені ұрлады деп күдікке ілінген.
ERNUR.KZ. Қырғызстанда жергілікті тұрғындар ақша ұрлаған адамды көшеде көптің көзінше жазалаған, деп жазады stan.kz.
Айыпты 150 мың сом немесе бізше 780 мың теңгені ұрлады деп күдікке ілінген. Жұртшылық оның осы әрекеті үшін ер адамды Таластағы базар маңында бағанға байлап тастаған. Кейін бұл оқиғаның видеосы желіде тарап кетті.
Талас облыстық полиция басқармасы күдіктінің ісі "заң аясында" қаралатынын мәлімдеді.