3 қараша күні Астана қаласының ПД ЖПҚ-нің ювеналды полиция қызметкерлерімен 2004 жылы туған 8-сынып оқушысының А.Бараев көшесінің бойында түнгі уақытта заңды өкілінің еріп жүруінсіз жүру фактісі анықталды.
ERNUR.KZ. Астана қаласының полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша түнгі рейдтер өткізді, деп хабарлайды Елорда Инфо.
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуын алдын алу, сондай-ақ, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде және заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үй-жайлардан тыс жерлерде жүрген кәмелетке толмағандарды анықтау мақсатында балалардың демалысы уақытында Астана қаласының аумағында рейдтік іс-шаралар өткізілді.
Рейдтік іс-шаралардың қорытындысы бойынша 80-ге жуық азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
«Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін тұрғын жайдан тыс және ойын-сауық мекемелерінде жүргені үшін, сондай-ақ 14-тен 16 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар жасаған бұзақылық жасағаны үшін 70-тен астам ата-ана, заңды өкілдер әкімшілік жауапкершілікке тартылды» делінген хабарламада.
Мәселен, 3 қараша күні Астана қаласының полиция департаменті ЖПҚ-нің ювеналды полиция қызметкерлерімен 2004 жылы туған 8-сынып оқушысының А.Бараев көшесінің бойында түнгі уақытта заңды өкілінің еріп жүруінсіз жүру фактісі анықталды. Кәмелетке толмағанның заңды өкіліне әкімшілік жаза қолданғаннан кейін аталмыш әкімшілік құқық бұзушылықты бір жылдың ішінде қайта жасағаны үшін ҚРӘҚБтК-нің 442 бабының 3-ші тармағы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
«Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде болуына жол берген 10-ға жуық ойын-сауық мекемелерінің иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды», -деп атап өтілген хабарламада.
Астана қаласы әкімдігінің Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына 20-дан астам кәмелетке толмағандар орналастырылды.