«9-20-25» тұрғын үй бағдарламасы жалғасын табады – Нұрлан Байбазаров

0
611

Министр аталған жұмыс «Бәйтерек» холдингімен пысықталатынын айтты.


«9-20-25» тұрғын үй бағдарламасы жалғасын табады – Нұрлан Байбазаров

ERNUR.KZ. Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров «9-20-25» тұрғын үй бағдарламасының ұзақ жыл бойы жүргізілетінін айтты, деп жазады inform.kz.

«9-20-25» тұрғын үй бағдарламасы 1 наурызда басталды. Алғашқы күні бірнеше мың өтінім түсті. «Отбасы банкі» белсенді жұмыс істеп жатыр. Мамырда алғашқы өтінімдер мақұлданып, бағдарлама толық іске қосылады. Көлемге келетін болсақ, тұрғын үй бағдарламасы бір жылдық емес, ұзақ жылдарға созылады. «Бәйтерек» холдингі өз қаражаты және тартылған қаражат есебінен бұл бағдарламаны одан әрі қолдауды жоспарлап отыр. Мен бұл салаға әлі де инвестиция салуға болатынына келісемін», - деді Нұрлан Базарбаев Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ министр аталған жұмыс «Бәйтерек» холдингімен пысықталатынын айтты.