22 наурыз күні ол қарқынды терапия және жансақтау бөліміне жатқызылған.
ERNUR.KZ. Қазақстанда коронавирустан көз жұмған екінші науқас жайлы деректер жария етілді, деп жазады Stan.kz.
Науқас ауруханаға түскен кезде оның бойында тыныс алу жетіспеушілігі мен өкпе қабынуына шалдыққаны тіркеліпті. Осы уақыттан бері пациенттің қант диабеті, артериалдық гипертензияға шалдығып, инсулинге тәуелді болғандықтан оның жағдайы нашарлай түскен.
22 наурыз күні ол қарқынды терапия және жансақтау бөліміне жатқызылған.
Тексеру барысында оның коронавирус жұқтырғаны анықталыпты. Хаттамаға сәйкес ем шаралары тағайындалып жүргізілген. Астана медициналық университетінің қызметкерлерін шақыртып, күн сайын науқастың жағдайы тексеріліп тұрыпты.
Өкінішке орай, көрсетілген ем шараларына қарамастан науқас жүрек, тыныс алу және бүйрек жетіспеушілігі салдарынан 31 наурыз сағат 03:30-да жан тапсырған.
Еске салайық бұған дейін Қазақстанда коронавирустан екінші науқастың көз жұмғаны айтылған еді.