"9 жылдан кейінгі қуаныш": Мейрамбек Беспаев үшінші рет әке атанады

0
224

Әншінің жары Мархабат Беспаева жеке парақшасында қуанышты жаңалықты сүйіншіледі.


ERNUR.KZ. Танымал әнші Мейрамбек Беспаев тағы бір мәрте әке атанбақ, деп жазады stan.kz.

Әншінің жары Мархабат Беспаева жеке парақшасында қуанышты жаңалықты сүйіншіледі.

“Әйел үшін қуанышқа толы ең бақытты кездердің бірі – 9 ай құрсағында сәбиін көтеріп жүру болса керек. Аллаға шүкір, осы әдемі кезеңді мен де міне, үшінші рет басымнан кешудемін! Араға 9 жыл салып көрген қуанышымды сіздермен бөліскім келіп отыр. Біз сені қатты күтудеміз, сәбиім! Сәби күтіп жүрген әр әйелге жұғысты болсын", – деп жазды өнер иесінің жұбайы.

Айта кетейік, жақында мегажұлдыз шетелге барып, емделіп келген еді.

“Достар, Ыстамбұлдан сәлем! Денсаулыққа абайлаңыздар! Денсаулыққа байланысты қаралып тұратынымды білесіздер. Бүгін Ыстамбұлға қаралуға келдім. Сіздерге де кеңес беремін! Денсаулықты күтіңіздер. Амандықта жолыққанша", – деп жазған болатын әнші.