90 мың салымшының ақшасы жеке басқарушы компанияларға берілуі мүмкін

0
704

Жинақтарды жеке басқарушы компанияларға беру үшін әйелдердің жиған-тергені 10 млн теңгеден асуы шарт. Ал ер азаматтардікі 8 млн теңгеден жоғары болуға тиіс.


90 мың салымшының ақшасы жеке басқарушы компанияларға берілуі мүмкін

ERNUR.KZ. Қазақстандықтардың жеке басқарушы компанияларына бағыттай алатын зейнетақы жинақтарының сомасы 420 млрд теңгеден сәл асады. Бұл қаражат – 90 мың салымшының ақшасы, деп жазады inbusiness.kz.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының мәліметтеріне қарағанда, бүгінде 70 мыңға жуық ер адамның шотында 8 млн 200 мың теңге жиналған. Сондай-ақ 20 мыңға тарта әйелдің 10 млн теңгедей қаржысы бар.

Айта кету керек, жинақтарды жеке басқарушы компанияларға беру үшін биылдыққа әйелдердің жиған-тергені 10 млн теңгеден асуы шарт. Ал ер азаматтардікі 8 млн теңгеден жоғары болуға тиіс.