Абай облысындағы орман өрті: Тоқаев өңірге барады

0
720

​Президент Вьетнамға жоспарлаған ресми сапарын кейінге шегерді.


Абай облысындағы орман өрті: Тоқаев өңірге барады

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысына барады, деп жазады sputnik.kz.

Абай облысындағы алапат өртке байланысты мемлекет басшысы 11-13 маусым күндері Вьетнамға жоспарлаған ресми сапарын кейінге шегерген.
"Президент шұғыл кеңес өткізу және апаттан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету шараларын қабылдау үшін Абай облысына баруды жоспарлап отыр", - делінген хабарламада.
Тоқаев үкіметке Абай облысындағы өртті сөндіру, сондай-ақ апат ауқымының кеңеюіне жол бермеу және азаматтар мен олардың мүлкінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолда бар барлық техникалық және адами ресурстарды жұмылдыруды тапсырды.
Өртті сөндіруге қорғаныс министрлігінің бөлімшелері тартылды.
Еске салсақ, Абай облысында орман өрті 60 мың гектарға жайылды.
ТЖМ мәліметінше, өрттен орман шаруашылығының үш қызметкері қаза тапқан. Тағы 11 қызметкерді іздеу жұмыстары жүріп жатыр.