Абай облысының экологиясын жақсарту жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр

0
490

10-нан аса қоғамдық орын немесе көпшілік жүретін жерлерде абаттандыу жұмыстары жүргізілуде.


Абай облысының экологиясын жақсарту жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр

Абай облысы еліміздегі экологиялық ахуалы күрделі аймақтардың бірі де бірегейі. Бұл жағдайға сонау өткен ғасырдағы «Семей» полигонында өткізілген атомдық қару сынақтары әсер еткені мәлім. Дегенмен, жылдар өтіп, уақыт жылжып, елде түрлі өзгерістер орын алып жатыр. Абай облысы жаңадан құрылып, қыруар жұмыс атқарылуда. Соның ішінде өңір мен облыс орталығының экологиясын дұрыстау бағытына да ерекше көңіл бөлініп отыр.


Айталық, өткен жылдан бастап облыс орталығы Семей шаһарының экологиялық ахуалын арттыру мақсатында өзгеше жоба қолға алынып, қаладағы 10-нан аса қоғамдық орын немесе көпшілік жүретін жерлерде абаттандыу жұмыстары жүргізілуде. Оның бірнешеуі өткен жылдың соңына дейін аяқталып та қойған. Ал, аталған жобаларды іске асыру үшін оңтүстік астанадағы жүргіншілер аумағын, елордадағы ботаникалық саябақты және өзге де тұрғындар тыныс алатын кеңңістіктерді құрған танымал сәулетші Шнайдерман Роман арнайы шақыртылған. Сәулетшінің сөзіне сүйенсек, бұл аумақтар жағалаумен жалғасытырылып, жүргіншілердің тыныстауына ерекше ықпал етпек.

Сонымен қатар, аталған жобалар шеңберінде қалада жаяу жүргіншілерге арналған жолдар, балалар мен жасөспірімдерге арналған алаңдар, заманауи дәмханалар мен өзге де нысандар салынбақ. Жалпы, қала халқы мен қонақтарының еркін демалуына бар жағдай жасалатын болады. Ал жасыл белдеуге көп жыл ойы өмір сүретін гүлдер мен түрлі ағат көшеттері егіледі.


Сондай-ақ, бүгінгі таңда өңірде табиғи ресурстарды сақтауға айрықша көңңіл бөлініп, қырықтан астам іс-шарадан тұратын ауқымды жоспар іске асырылып келеді. Аталған жоба ауа сапасын жақсарту, су көздерін сақтау, флора мен фаунаға қамқорлық жасау, қоқысты қайта өңдеу және ғылыми тұрғыдан пайдалы жаңалықтар ойлап табусынды мақсаттарды көздейді. Осыған орай өткен жылы облыс орталығындағы қоршаған ортаны ластайтын қалдықтарға қатысты ереже де бекітіліпті.

Оған қоса, өңірді дамытудың ауқымды жоспарына сай, 2025 жылға жүз гектар аумаққа дейін заман талабына сай қоқыс полигонын салу жоспарлғанған. Ал, өткен жылдың қорытындысына сәйкес, Абай облысының жасыл белдеуін жандандыру мақсатында сексен мыңға жуық ағаш көшеті егілген. Су айдындарында балық түрлерін өсіру жобалары да жүзеге асырылып жатыр.


Абай облысында орман қорын ұлғайтып, ондағы қауіпсіздікті сақтау жұмыстарына да ерекше көңіл бөлініп отыр. Бұған себеп те жоқ емес. Дәлірек айтсақ, 2023 жылы өңірде алапат орман өрті орын алған болатын. Осы орайда, мемлекеттен қомақты қаржы бөлініп, Семейдегі орман қоры бірнеше КамАЗ және өрт сөндіру көліктері, шағын автобус пен өзге де техникалармен толыққан. Айта кету керек, Абай облысындағы орман алқабы республика көлемінің 11 пайыздан астам үлесін алады.

Биылғы жылдың басында Сенат депутаттары Абай облысына арнайы ат басын бұрып, жергілікті тұрғындармен кездескен еді. Сол кездесулер барысында Бесқарағай ауданының азаматтары инфрақұрылым, жол, тұрғынүй, білім беру және ғылым саласын дамыту, сонымен қатар қаңғыбас иттер жайлы мәселелерді көтерген. Ал, Жарма ауданының азаматтары салық, кедендің рәсімдер, медицина, қайта өңдеу өнеркәсі мен эколгиялық проблемаларды сөз етті. Өз кезегінде сенаторлар бұл мәселелердің, әсіресе экологиялық жағдайдың жақсаруына ерекше көңіл бөлінетінін мәлім етті.

Өңірде экологиялық туризм саласына да ден қойылып, жыл басында жасөспірімдерден туристік жасақтар құрылды. Бұған облыс басшыларының табиғатты қорғау, мәдени-рухани құндылықтарды дәріптеу, туған жерге деген сүйіспеншілікті ояту жөніндегі тапсырмасы ықпал еткен. Ал, өткен жылдың соңында туризм және экология салаларын ұшпаққа шығару мақсатында алғашқы 70-тен астамарнайы топ құрылған еді. Өлкетанушылар болса, сақталуы және қорғалуы тиіс жерлерді анықтап, табиғат пен тұлғаларды зерттеуге кіріскен. Сәйкесінше, биыл да экологиялық жасақтар мен зерттеушілердің қатары қалыңдап, атқарылатын іс те көбеймек.

Өңірдегі Қоғамдық кеңестің жуырда ғана өткізілген кеңесінде облыстық әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан дамуы баяндалып, ауыл ашруашылығы саласын дамыту жолдары талқылан еді. Аталған мәжілісті Абай өңірін экологиялық тұрғыдан дамыту мәселесі де сөз болып, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарының атқарылуы қаралды.

Өңірдегі экологиялық мәселелердің бірі суқұзғын құстарына қатысты болып отыр. Анығырақ айтсақ, олардың санын тез арада реттеу проблемасы қаралуда. Өйткені, соңғы жылдары өңір көлемінде мұндай құс көбейіп, жалпы суқұзғындар күн сайын бес мың келіге жуық балық жеп жатыр екен. Ал, жағдай осылай бола берсе, су көздеріндегі табиғи теңдік бұзылып,
ихтиологиялық ахуалға айтарлықтай зардап тиеді екен. Ол аздай, аталған құстардың табиғи ортаға шығаратын қалдықтары флора әлемінің өкілдерін де өлтіріп, біршама өсімдіктің тамырына балта шабылатын көрінеді.

Сәйкесінше, өткен жылдан бастап балық өнімділінін көбейтіп, суқұзғын құсының санын реттеу бойынша зерделеу іске асырылып, нәтижесінде суқұзғыннан жиырма пайызын немесе үш мыңға жуығын ату тәсілімен реттеу ұсынылды. Ендігі кезекте аталған жұмысты іске асыру бойынша мемлекеттік сатып алу әдісімен байқау ұйымдастырылып, өңірдегі бірнеше су айдынында әрекет ететіндер анықталу үстінде.

Жалпы, өңірдің биылғы жылғы бюджеті 419 млрд. 404 миллион теңгені құрайтын болса, соның 1 миллиард 906 миллион теңгеден астамы су көздері, орман шаруашылығы, балық өндіруді арттыру, табиғи аумақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз еті, табиғат пен фауна дүниесін қорғау салаларына бағытталған.


Әлбетте, Абай облысындағы табиғи ортаға қатысты соңғы жаңалықтар қарғын суға қатысты болып отыр. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, облыста судан зардап шеккен жолдар қалпына келтіріліп жатыр екен. Әзірге елді мекендерді су басу қаупі төніп тұрған жоқ. Сондай-ақ, өңір аумағындағы Уба өзенінде мұз жиналып жатқандықтан, су тасқынын болдырмау үшін мұзды жару жұмыстары атқарылған. Қарғын су зардабының алдын алуға, тұрғындарға жедел көмек көрсетіп, көшіруге және қажеттіліктермен қамтуға алты жүзден астам еріктілер де елеулі үлес қосып жатыр. Жүзден аса волонтер жоғалған адамдарды іздеу жұмыстарына да атысалысуда.


Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ