Жүлде қоры қомақты.
Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған ақындар мүшәйрасы өтеді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.
"Педагогикалық ғылымдар академиясы" ҚБ, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша және "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ қолдауымен жүзеге асырылатын Абайдың 175 жылдығына арналған республикалық жас ақындар мүшәйрасының ережелері мынандай:
Осы ереже қатысушылардың конкурстық жұмыстарына қойылатын талаптарды, өтінімдерді ұсыну мерзімдерін анықтайды және байқау қорытындысы 2020 жылдың қазан айында Алматы қаласында шығарылады.
Конкурс шарттары:
- Байқау ашық түрде өтеді. Байқауға Қазақстан Республикасының барлық аймақтарынан 16-29 жас аралығындағы жас жазушылар, ақындар, журналистер және басқа да жастар санаттары қатыса алады.
- Байқауға Ұлы Абайдың шығармашылығына қатысты өзі шығарған шығармалар қабылданады: 2 өлең (ақындар үшін) немесе 2 шағын проза (жазушылар үшін). Шығарманың тілі-қазақ/орыс тілдері. Жұмыстар баспа немесе электронды түрде ұсынылады. Байқауға қатысу үшін Байқаудың Ұйымдастыру комитетіне (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) Конкурс Ережесіне сәйкес өтінім беру қажет.
- Жүлделі орындар саны бекітілген (гран-при – бір, бірінші орын – бір, екінші орын – бір, үшінші орын – бір).
- Байқау 2 кезеңде өткізіледі: іріктеу және қорытынды. Іріктеу кезеңі өңірлерде 10 тамыз – 30 қыркүйек аралығында өткізіледі; қорытынды кезең 1 қазан – 20 қазан аралығында өткізіледі.
- Іріктеу кезеңі 3 қала (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент) және 14 облыста өткізіледі.
Жеңімпаздарды марапаттау:
- Қазылар алқасы Гран-при, 1-ші, 2-ші және 3-ші орын иегерлерін анықтайды және жеңімпаздарды дипломдармен және арнайы сыйлықтармен марапаттайды.
Жүлде қоры:
- бас жүлде - 500 мың теңге.
- 1 орын - 300 мың теңге.
- 2 орын - 200 мың тг.
- 3 орын - 100 мың тг.
Ескерту:
- Байқау онлайн жағдайында өткізіліп, қаржы үнемделген жағдайда жүлде қорын ұлғаюы мүмкін.
- Республикалық конкурсқа қатысушылардың өмірбаяндарының ақпараттық жинағы жеке кітаппен дайындалады және шығарылады;
Толық ақпарат үшін:
Жобаның үйлестірушісі Рахат Арғынбай.
@argunbair. 87072909598