Сыртқы істер министрлігі Таиландта құлдықта болған екі қыздың аман-есен құтқарылғанын хабарлады.
2011 жылы перзентханада дүние келген бала ұшты-күйлі жоғалған Ақшұқыр ауылында тұрғын үйдің бірінде жылу қазандығы жарылды Кәріз құдығына құлап кеткен алты жасар қыз құтқарылды Бірақ сол құлдықтан құтыла алмай жүргені қаншама, деп хабарлайды ERNUR.KZ КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Министрліктің дерегінше, қазіргі таңда Оңтүстік Шығыс Азия елдерінде 100-ге жуық қазақстандықтар құлдықта жүр.
Соңғы екі жылда Таиландпен шекаралас орналасқан Мьянма, Лаоста 200-ге жуық отандасымыз тәнін саудалауға, еркінен тыс қара жұмысқа жегілген.
Тағы 60-қа жуық отандасымыз елшілікке жүгінбей, өз күшімен елге оралған.
"Қаңтардың соңында Таиландағы консулдыққа "Мен Қазақстанның азаматымын, джунглидің ішіндемін, қай мемлекет екенін білмеймін... Жұмыс бабымен құлдыққа түсіп қалдым, көмектесіңіздер" деген хабарлама түсті. Сөйтсек, біздің екі азаматымыз алданып, "алтын үшбұрышта" құлдыққа түсіп қалған. Қызығы, екеуінің де жоғары білімі бар, бірнеше тіл біледі. Олар интернеттегі хабарламаны көріп Таиландқа барған ғой, жұмыс істеуге. Әр адамның басына 10 мың доллардан ақша сұраған. Жергілікті билікпен қосылып екі қызды құтқардық. Қазір Қазақстанға ұшақпен ұшып келе жатыр", - деді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.