Адам өліміне әкеп соқтырған әрбір жол апатын төтенше жағдай деп қарастыру қажет - Тоқаев

0
376

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Жетісу облысында жүр.


Адам өліміне әкеп соқтырған әрбір жол апатын төтенше жағдай деп қарастыру қажет - Тоқаев

ERNUR.KZ. Ең алдымен жолдың сапасы жақсы болуы керек. Жетісу жұртшылығымен кездесуде сөз сөйлеген Қасым-Жомарт Тоқаев жол қауіпсіздігі проблемаларын сөз етті, деп жазады ҚазАқпарат.

«Кербұлақ және Панфилов аудандары арқылы өтетін республикалық күре жолды жөндеу мәселесі өзекті болып тұр. Бұл – өте маңызды жол. Сондықтан, Үкімет пен әкімдікке ондағы күрделі жөндеу жұмысын алдағы 2 жылдың ішінде аяқтауды тапсырамын. Қажетті қаражатты шұғыл қарастыру керек. Ең алдымен, жолдың сапасы жақсы болуы керек. Алайда, құрылыс та созылып кетпеуге тиіс. Бұл жергілікті жұрттың тұрмысына және көлік қозғалысының қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Облыстағы республикалық маңызы бар күре жолдарда болған жол апаттарынан 9 айда 61 адам қайтыс болды. Бұл – жан түршігерлік көрсеткіш. Елімізде жол апаттары, оның ішінде адам өліміне әкеп соқтырған оқиғалар көбейіп барады. Бұған еш жол беруге болмайды. Адам өліміне әкеп соқтырған әрбір жол апатын төтенше жағдай ретінде қарастыру қажет. Адам өмірі – біздің басты байлығымыз. Сондықтан, азаматтардың амандығы және қауіпсіздігі бірінші орында тұруға тиіс. Жол құрылысы кезіндегі жемқорлық пен селқостықты түбірімен жою үшін жүйелі шаралар қабылдау керек», - деді Президент.

Оның айтуынша, с онымен бірге, көлік жүргізу мәдениетін қалыптастыру керек.

«Рөлге отырған әрбір адам жол ережесін қатаң сақтап, барынша мұқият болуы өте маңызды. Жолдағы қауіпсіздікке мемлекет пен азаматтар бірдей жауапты. Бұл – ортақ міндет», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.