Адам өлтіруге оқталған күдікті Грузиядан экстрадицияланды

0
356

Бұрын қарақшылық жасағаны үшін сотталған күдікті 2022 жылы тамызда Теміртау қаласында жәбірленушіге пышақ сұққан.


Адам өлтіруге оқталған күдікті Грузиядан экстрадицияланды

ERNUR.KZ. Бас прокуратура мен Интерпол қызметкерлері Қазақстан сыртқы істер министрлігінің көмегімен Грузиядан адам өлтіруге оқталған күдікті Қазақстанға экстрадициялады, деп жазады sputnik.kz.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлағандай, бұрын қарақшылық жасағаны үшін сотталған күдікті 2022 жылы тамызда Теміртау қаласында жәбірленушіге пышақ сұққан.
Қылмыс жасағаннан кейін күдікті тергеуден жалтарып, оған халықаралық іздеу жарияланған.
2023 жылғы қазанда ол Грузияда ұсталды.
Бас прокуратураның сұрауы бойынша Грузия тарапы оны Қазақстанға экстрадициялау туралы шешім қабылдады.
Қазір ол Астана қаласындағы тергеу изоляторына қамалды.
Айыпталған қылмысты жасағаны үшін 8 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.