Желі қолданушылары сынап, пікір қалдырды.
ERNUR.KZ. Желіде келінін бас сала ұрып жатқан ененің видеосы жұртшылықтың жағасын ұстатты. Видеода енесі келінінің шашынан тартып, сүйрейді, деп жазады stan.kz.
Кейбір парақша бұл оқиғаның Шымкентте орын алғанын жазған.
Желі қолданушылары сынап, пікір қалдырды.
“Өз бетімен кетсін”, “Әдепсіз әйел”, “Менің әжем де келінінің қанын ішетін. Бірақ бұлай емес. Көзімен және сөзімен қорқытатын”, “Күйеуі видеоға түсіріп тұр ма?”
Болған оқиғаға байланысты Шымкент қаласының полиция департаментінен сұрап көрдік.
“Аталған дерекке қатысты қызметкерлермен тексеру жүргізілді. Нәтижесінде, бейнежазбадағы жайт Шымкент қаласы аумағында орын алмағаны анықталды”, – деді ведомство.
Видеоны мына жерден көре аласыз!