Кездесуді қордың YouTube және Instagram парақшаларында тікелей эфирде көруге болады.
ERNUR.KZ. Алматы облысында болашақ атом электр станциясының құрылысына қатысты қоғамдық тыңдаулар өтеді, деп жазады tengrinews.kz.
28 ақпанда сағат 11:00-де Алматы облысы Жамбыл ауданындағы Үлкен ауылы орта мектебінің акт залында АЭС құрылысы туралы көпшілік алдында тыңдау өтеді.
"Онда жергілікті тұрғындар жоба туралы пікірін білдіріп, арнайы келген сарапшыларға сұрақ қою мүмкіндігі болады. Біз іс-шараның ашық өтуін қамтамасыз етеміз. Кездесуді қордың YouTube және Instagram парақшаларында тікелей эфирде көруге болады. Сонымен қатар, іс-шараға оффлайн қатысуға болады. Ол үшін Үлкен ауылына ең жақын деген Шығанақ теміржол станциясына келуіңіз керек", - делінген Samruk-Kazyna official Telegram-арнасында.