АЭС салу мәселесінде Ресейдің жәрдем беру ұсынысын Қазақстан жоғары бағалайды - президент

0
592

Президенттің айтуынша, АЭС құрылысы жөніндегі түпкілікті шешім референдум қорытындысы бойынша қабылданады.


АЭС салу мәселесінде Ресейдің жәрдем беру ұсынысын Қазақстан жоғары бағалайды - президент

ERNUR.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік "Известия" газетіне берген сұхбатында Қазақстанда атом электр станциясын салу туралы айтты, деп жазады sputnik.kz.

Президент елімізде АЭС салуға қатысты түрлі пікір айтылып жүргенін айтты.
"Бір жағынан, Қазақстанның атом энергетикасын дамыту әлеуеті мол. Еліміз табиғи уран өндіру көлемі жөнінен әлемде бірінші орын алады. Сондай-ақ ядролық отын компоненттерін өз елімізде өндіреміз және уранды изотопты байыту жөніндегі қызметтерге қол жеткізе аламыз. Үлбі металлургия зауытының базасында Қытайдың атом электр станциялары үшін дайын ядролық отын шығарылады", - деп атап өтті мемлекет басшысы.
Тоқаев атап өткендей, екінші жағынан, көптеген азаматтар мен сарапшылар атом станциясының қауіпсіздігіне күмән келтіреді.
"Семей ядролық сынақ полигонының ауыр қасіретін ескерсек, мұны түсінуге болады. Қазақстан аумағында АЭС салу мәселесінде Ресей тарапының жәрдем беру ұсынысын жоғары бағалаймыз. Әйтсе де АЭС құрылысы жөніндегі түпкілікті шешім референдум қорытындысы бойынша қабылданады.
Мен 2019 жылғы сайлауалды бағдарламамда аса маңызды стратегиялық проблемаларға қатысты шешім референдум арқылы қабылданады деп мәлімдеген едім", - деді Тоқаев.