Академик Серік Қирабаев өмірден өтті

0
1 121

Серік Смайылұлы 23 наурыз, 1927 жылы Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Жаңаарқа (Атасу) кентінде туған.


Академик Серік Қирабаев өмірден өтті

Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, көрнекті әдебиет сыншысы Серік Қирабаев 95 жасына қараған шағында өмірден өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ Almaty.tv телеарнасына сілтеме жасап.

Серік Смайылұлы 23 наурыз, 1927 жылы Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Жаңаарқа (Атасу) кентінде туған. Оның Қазақ әдебиетінің өзекті мәселеріне арналған сын мақалалары мен рецензиялары 1948 жылдан бастап жарық көре бастады. Содан бергі уақытта 800-ден аса әдеби сын, ғылыми мақалалары мен еңбектері жарық көрген.

Серік Қирабаев түрлі марапатқа ие болған: Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің "Құрмет" Грамотасымен; 1964 жылы Филология ғылымының докторы (құрметті ғылыми атағы); 1965-1966 жылы профессор атағы; КСРО-ның "Еңбек Қызыл Ту" ордені; КСРО-ның "Халықтар Достығы" ордені; 1968 жылы КСРО Педагогика ғылымдары академиясының корреспондент мүшесі; 1977 жылы "Қазақ КСР-нің Еңбек сіңірген ғылым қайраткері" құрметті атағы; 1994 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі құрметті атағы; 1995 жылы "Қырғыз Республикасының Еңбек сіңірген ғылым қайраткері құрметті атағы; 1996 жылы Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері атанған.

2005 жылы президент жарлығы бойынша, "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағының иегері.

2007 жылдың 30 наурызында Қазақстан Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жеке қабылдауында болып, қазақ ғылымына сіңірген айрықша еңбектері үшін еліміздің ең жоғарғы "Отан ордені" мен марапатталған.

2012 жылы президент жарлығымен ІІ дәрежедегі "Барыс ордені" мен марапатталды. Көптеген мемлекеттік медальмен марапатталған.