Әке болайын деп жүрген азаматтар әскерден босатылады

0
258

Мәжілісте қабылданған заңда әскерден жалтаруға қарсы шектеулер де қарастырылған.


Әке болайын деп жүрген азаматтар әскерден босатылады

фото:Sputnik / Виталий Аньков

ERNUR.KZ. Қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев жаңа заңдағы әскерден босатуға қатысты тағы бір норманы түсіндірді, деп жазады sputnik.kz.

Қазіргі кезде мерзімді әскери қызметке шақырылған адамның жұбайы босанған жағдайда ер адамды үйіне қайтарады.
“Жаңа заңда былай деп келтіріп отырмыз, жас жұбайлар болашақ сәбилерін күтір отырған болса, әке болайын деп жүрген адамды әскерге шақырмаймыз. Заңда қанша аптаға дейін (жүктіліктің - Sputnik) көрсетілген”, - деді Жазықбаев сенатта өткен брифингте.
Айта кетері, мәжілісте қабылданған заңда әскерден жалтаруға қарсы шектеулер де қарастырылған.