Әкім Нұр-Сұлтанға 1 трлн теңгеден астам инвестиция тартатынын айтты

0
844

Сырттан түскен қаржы бірінші рет 1 триллион теңгеден асты.


Әкім Нұр-Сұлтанға 1 трлн теңгеден астам инвестиция тартатынын айтты

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов елордаға 1 трлн теңгеден астам инвестиция тартуға бағытталған жоспар туралы айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Өткен жылы елордаға рекордтық көлемде инвестиция тартылды. Сырттан түскен қаржы бірінші рет 1 триллион теңгеден асты. Осы көрсеткіштерге қалада іске асырылып жатқан ірі жобалардың арқасында қол жеткізілді. Ал биыл құрылыс жұмыстарының азаюына байланысты инвестиция көлемі де төмендеп отыр. Өйткені, инвестициялардың 70-80 пайызын құрылыс құрайды. Біз өткен жылдардағы инвестицияларға талдау жасадық. Сонымен бірге 2019 жылға арналған болжамды жоспар құрдық. Егер орындасақ - былтырғы жеткен триллион теңгеден асыруға болады», - деді Бақыт Сұлтанов Үкімет отырысында. Қала әкімінің айтуынша, шаһарға инвестиция тарту тетіктері қайта қаралған.

Еске сала кетсек, бұған дейін Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен Инвестициялар тарту жөніндегі үйлестіру кеңесі құрылғанын хабарлаған едік. Алдағы уақытта Инвестициялар бойынша жауапты шешімдерді Үйлестіру кеңесі қабылдайтын болады.