Ақмола облысында 12 жасар қыз бесінші қабаттан құлап кетті

0
221

Қыздың қалай құлап кеткені анықталып жатыр.


Ақмола облысында 12 жасар қыз бесінші қабаттан құлап кетті

ERNUR.KZ. Ақмола облысының Бурабай ауданында 12 жастағы қыз бесінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кеткен. Ол қазір ауруханада жатыр, деп жазады inbusiness.kz.


Келеңсіз жағдай 14 қыркүйекте Щучье қаласында болған. Ресми дерекке сүйенсек, аталған іс бойынша тергеу басталған.

"Бурабай аудандық полиция бөлімінен хабарлағандай, оқиға осы жылдың 14 қыркүйегінде Щучье қаласында болды. Алдын ала анықталғандай, 12 жасар қыз 5-ші қабаттағы пәтерінің терезесінен құлап кетті. Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Сондай-ақ, қыздың емдеу мекемесіне жатқызылғанын хабарлаймыз", –дейді Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі.