Ақмола облысында 38 жастағы ер адамды көршісі атып өлтірді

0
604

Қылмысқа күдікті ретінде 60 жастағы көршісі ұсталды.


Ақмола облысында 38 жастағы ер адамды көршісі атып өлтірді

ERNUR.KZ. Ақмола облысының Ерейментау қаласында көршісін атып өлтірген 60 жастағы жергілікті тұрғынның үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп жазады Stan.kz.

Ақмола облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адамды көршісі өлтірген.

"Ерейментау қаласының 38 жастағы тұрғынын өлтіру дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы қылмысқа күдікті ретінде 60 жастағы көршісі ұсталып, қару тәркіленді. Сонымен бірге, оқиға куәгерлері де анықталды. Қылмыстық істі тергеу шеңберінде тиісті сараптамалар тағайындалды", - деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің өкілдері.