Ақмола облысында бетон плита басып қалған студент көз жұмды

0
1 267

Оқыс оқиға туралы Есіл аудандық полиция бөліміне аудандық аурухананың фельдшерінен хабарлама түскен.


Ақмола облысында бетон плита басып қалған студент көз жұмды

ERNUR.KZ. Ақмола облысында жас жігіт оқыс оқиға салдарынан қайтыс болды. Көкөніс қоймасы ғимаратының бетон плитасы студенттің үстіне құлаған, деп жазады sputnik.kz.

Есіл аудандық полиция бөліміне 8 сәуірде сағат 11:00-де аудандық аурухана фельдшерінен хабарлама түскен. Ол жасөспірімнің ауруханаға түскен кезде қайтыс болғанын айтқан.

"Есіл қаласының 16 жастағы тұрғынын №7 Агротехникалық колледж аумағынан тыс жерде орналасқан көкөніс қоймасына кіре берісте құлаған бетон плитасы басып қалғаны анықталды. Жас жігіт колледждің бірінші курс студенті болған", – деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұл факт Қылмыстық кодекстің 306-бабы, 3-бөлігі ("қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау немесе қызметтер көрсету") бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Ал бұл бапта кінәліге төрт жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау қарастырылған.