Хабарландырулардан пәтер иелерінің жаңа үйлерін 17 млн мен 20 млн теңгенің арасында бағалағанын көруге болады.
ERNUR.KZ. Ақмола облысында су тасқынынан зардап шеккені үшін жаңа пәтерлердің кілтін алған тұрғындар пәтерлерін сатуға шығара бастаған, деп жазады Stan.kz.
28 тамыз күні Ақмола облысы Атбасар қаласында су тасқынан зардап шеккендер үшін салынған жаңа пәтерлердің кілттерін салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. Алайда бір күн өтпей жатып бірнеше пәтер сатылымға шығарылған.
"Бүгін біз Атбасардағы пәтерлерді сату туралы бірнеше хабарландыруларды зерттедік. Жарнамада берілген фотосуреттер кешегі атбасарлықтар алған баспанаға қатты ұқсайды. Ақмола облысы әкімдігінің салтанатты тұсаукесерінен бейнежазбаны арнайы салыстырып, жаңа пәтерлердің қандай екенін көрдік. Дәл сол пәтерлер", – делінген жазбада.
Хабарландырулардан пәтер иелерінің жаңа үйлерін 17 млн мен 20 млн теңгенің арасында бағалағанын көруге болады.
Айта кетейік, Атбасар биылғы көктемгі су тасқыны кезінде зардап шеккен қалалардың бірі. Қаладағы ондаған тұрғын үй қауіпті деп танылған еді.