Ақмола облысында сүндетке отырғызылған бала қайтыс болды

0
825

Бала Аққұдық ауылының тұрғыны болған.


Ақмола облысында сүндетке отырғызылған бала қайтыс болды

ERNUR.KZ. Көкшетау қаласында сүндеттелген бала қайтыс болды, деп жазады Ulysmedia.kz.

Бала Аққұдық ауылының тұрғыны болған.

“Баланың ата-анасы 31 қаңтарда сағат 17:00 шамасында хирургқа қаралу үшін өз бетінше жүгінген. Науқас ішінің төмен жағы ауыратынына шағымданған. Баланың жағдайы ауыр болды, медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп, жансақтау бөліміне жатқызылды”, - дейді ведомство.

Алайда бала сол күні бір жарым сағаттан соң қайтыс болған.

“Бала 28 қаңтарда сүндеттелген. Алдын ала болжам бойынша бала анафилактикалық шок алуы мүмкін. Мәйіт сот медициналық сараптамасына жіберілді, полиция тергеуді бастады”, - деді денсаулық сақтау басқармасы.