Ақмола облысында үй ауласындағы 10 тонна шөп өртеніп кетті

0
316


Ақмола облысында үй ауласындағы 10 тонна шөп өртеніп кетті

ERNUR.KZ. Ақмола облысында жинаулы тұрған 10 тонна шөп жанып кетті, деп жазады Ulysmedia.kz


«Атбасар ауданы Сергеевка ауылында жеке тұрғын үйдің аумағында 10 тонна сақталған шөп өртенді», - делінген хабарламада.

Облыстық ТЖД хабарлауынша өрт сөндірілді. Қуанышқа қарай зардап шеккендер жоқ. Ал тосыннан тұтанған өрттің шығу себебі анықталып жатыр.