Ақмолалықтар Арыс балаларына жазғы демалысты ұйымдастырып беруге әзір

0
919

Бурабайдағы сауықтыру орталықтарына тегін жолдама ұсынып отыр.


Ақмолалықтар Арыс балаларына жазғы демалысты ұйымдастырып беруге әзір

ERNUR.KZ. Ақмолалықтар Арыстағы апаттан зардап шеккен 100 балаға Бурабайдағы сауықтыру орталықтарына тегін жолдама ұсынып отыр, деп жазады «Хабар 24».

Алдын ала болжам бойынша Көкше жеріне жарылысқа жақын орналасқан үйлердің және тұрмысы төмен, көпбалалы отбасылардың балалары келуі мүмкін. Қазір тараптар арасында тізімді нақтылау және оқушыларды тасымалдау жайлы келіссөздер жүргізіліп жатыр. Білім басқармасының өкілдері қажет болған жағдайда тек 100 ғана емес, тағы біраз баланы қабылдауға дайын екендіктерін жеткізді.

- Бей-жәй қарап қалған азаматтар жоқ. Бұның ішінде меценаттарымыз да бар. Енді бюджеттен де қарастырамыз. Бұл жерде кәсіпкерлердің де, жеке сауықтыру орталықтарының басшыларының қосып отырған үлестері бар. Бұл балалармен әрине, келгеннен кейін балалар сауықтыру орталықтарына орналастырылғаннанкейін сол балалар сауықтыру орталықтарында жұмыс істеп жатқан тәлімгерлер, оғанқоса психологтар арнайы тренингтер өткізіп, балалардың қалыпқа келтіру бойыншаарнайы жұмыстар жүргізіледі, - дейді облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ботагөз Дүйсенова.

Ал Қарағандыдағы «Қызыл жарты ай» қоғамының өкілдігіАрыстағы ағайынға көмек көрсету үшін арнайы есепшот ашып, жылу жинауға кірісіпкетті. Қазір қиын жағдайда қалған жұртқа заттардан гөрі, ақшалай көмек ауадай қажет дейді олар. Жиналған қаржы кейін мұқтаж жандарға теңдей етіп үлестірілмек. Айта кетейік, Қарағанды облысында 2012-2015 жылдар аралығында болған су тасқыныкезінде де бұл ұйым қайырымдылық ісіне атсалысқан болатын.

- Шымкенттегі әріптестеріміз Арыстықтарға қажетті ең басты заттарды айтты. Олар төсек-орын, кішкене балалары бар аналарға керек-жарақтар, санитарлық-гигиеналық заттар. Осының барлығын алу үшін біз арнайы шот аштық. Тек қана қаржылайжинаймыз. Бүгін Түркістан облысына жолға шығамыз. Барып көзбен көріп, не керек екенін түбегейлі зерттеп, қаражатты мақсатты жұмсауға жұмыс жасаймыз. Сондай-ақ мамандарымыз психологиялық, моральдық көмектер көрсетеді, - дейді «Қызыл жарты ай» қоғамы қарағанды филиалының директоры Татьяна Абрамова.

Маңғыстау облысындағы оншақты ірі кәсіпорын мен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының және облыс әкімдігінің қызметкерлері бір күндік жалақыларын Арыс қаласының тұрғындарына аударатын болды. Бұл бастаманы 10 мыңдағанжұмысшы бірауыздан қолдаған. Жарылыстан зардап шеккен ағайынға көмек қолын созуғааймақтың жастары да белсене қатысуда. Әлеуметтік желілер мен уотсаптарда арнайы чат ашып, белсенді жастар мен кәсіпкер жастар қаржы жинап жатыр.

- Қазір өзіміздің қызметкерлердің бір күндік жалақысын аудардық. Маңғыстау облысының тұрғындары бұл жағдайға бей-жай қарамайды. Маңғыстаулықтар Арыс қаласының тұрғындарымен бірге. Біз барлық көмекті көрсететін боламыз, - дейді «Nur Otan» партиясы МОФ төрағасының бірінші орынбасары Елубай Әбілов.

- Арыстағы жағдайды естігеннен кейін назарымыз да, жанарымыз да соларыстағы ағайындарда болып тұр қазір. Бәріміз де уайымдаудамыз. Арыстағы ағайынның тағдырына алаңдаймыз. Сол хабарды естігелі бері қол қусырып отырмай, сол жастар ұйымдары бар, волонтерліқ қозғалыстар бар, басқа да қоғамдық ұйымдар бар, барлығымыз жұмылып, Арыстағы ағайынға көмек беруге бел буып отырмыз, - деді «Ұлттық рух» ҚБ төрағасы Аят Сүгірбай.

Ақмола облыстық «Науан Хазірет» мешіті «Ақмола асары» атты қайырымдылық акциясын жариялады. Дін өкілдері де халықтан қаржы жинап, оны Арыстағы ағайынға көмек ретінде аудармақ. Жалпы қазір еліміздің түкпір-түкпірінде осындай игі істер жасалып жатыр. Бұл әлбетте халқымыздың ауызбіршілігін көрсетеді.