Ақпанда теңгенің жағдайы жақсарады

0
1 238


Ақпанда теңгенің жағдайы жақсарады

Еліміздің Ұлттық валютасы апталық саудасын шамалы оң динамикамен аяқтады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының мәліметінше, доллар бағамы 378,66 теңгеден 377,46 теңгеге дейін нығайды. Экономистер қаңтарда салық кезеңінің әлсіз әсерін атап өтті. Сарапшылар сол себепті рубль бағамы мен мұнай бағасы сияқты сыртқы факторлар өткен аптада ұлттық валютаға айтарлықтай әсер еткенін айтады.

"Сонымен қатар, Ресей рублі есептік кезеңде 2018 жылдың қарашасының деңгейіне көтерілді, оған негізгі қолдау ретінде салық төлемдерінің шыңға шуғау мен экспорттық түсімді сату болды. РФ бюджет саясатының ерекшелігі ҚҚС және ПҚӨС сияқты ірі салық көлемі бойынша ай сайын төленеді", - дейді мамандар.

Сонымен қатар, экономистер мұнай бағасына назар аударады. "Котировкаларға қолдау көрсету үшін АҚШ-та соңғы үш жылда бұрғылау қондырғыларының рекордты төмендеуі (-21 бірлік), ОПЕК+ аясында өндіруді төмендету бойынша келісілген міндеттемелердің 100 пайыздық орындалуы бойынша күтіледі және әлемдегі ең ірі мұнай қоры - Венесуэла еліндегі саяси дағдарыс", - деп атап өтті қаржыгерлер қауымдастығының өкілдері. Экономистердің пікірінше, АҚШ-тағы федералдық үкіметтің шатдаун тарихындағы ең ұзақ уақыт америкалық экономикаға кері әсерін тигізуі мүмкін. Бұл өз кезегінде Федералдық резервтің монетарлық саясат векторының бұрылуына әкеп соғады. Қаржыгерлер қауымдастығында өткен жылы дамушы елдердің валюталары Федералды резервтің монетарлық саясатының қатаңдауына және долларлық активтер тартымдылығының тиісті өсуіне байланысты өтімділіктің жылыстауына байланысты қысымда болғанын еске салды. Осылайша, сыртқы позитивті сақтай отырып және ақпандағы салық кезеңінің жақындауына қарай ұлттық валютаның одан әрі нығаюы үшін мүмкіндіктері бар. Қазақстандық валюта нарығының ерекшелігі салыстырмалы түрде аз көлемде болғандықтан, шетел валютасының күрт ұсынысы соңғы үш жыл қатарынан ақпан айында байқағанымыздай бағам түзілуіне елеулі әсер етуі мүмкін.

дереккөз Tengrinews.kz.