Ақпарат министрлігі журналистердің құқығын қорғау туралы регламент жобасын әзірледі

0
611

Министрлік ұсыныстар қабылдайды.


Ақпарат министрлігі журналистердің құқығын қорғау туралы регламент жобасын әзірледі

ERNUR.KZ. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі журналистердің құқықтары бұзылған жағдайда оларға қолдау көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында «Журналистердің құқықтары бұзылған жағдайда оларды қолдау регламентін» әзірледі, деп жазады Azattyq Rýhy.

Регламентте журналистердің, мемлекеттік органдардың құқықтары мен міндеттері және журналистердің құқықтары бұзылған жағдайдағы министрліктің іс-әрекеттері көрсетілген.

«Осыған байланысты, регламентті одан әрі жетілдіру шеңберінде Министрлік барлық мүдделі тұлғаларды талқылауға қатысуға шақырады. Ескертулер мен ұсыныстарыңызды a.mukazhan@qogam.gov.kz эл.поштасына жіберуді сұраймыз. Ұсыныстарды қабылдау осы жылдың 25 қазанына дейін жүзеге асырылады», - делінген ведомство хабарламасында.

Регламент жобасын мына сілтеме бойынша оқып шығуға болады.