АҚШ-тың Астанадағы елшілік аумағына киіз үй тігілді

0
680

Бүгін қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, философ, ағартушы және композитор Абай Құнанбаев күні атап өтіледі.


АҚШ-тың Астанадағы елшілік аумағына киіз үй тігілді

ERNUR.KZ. Астанадағы АҚШ елшілігінің аумағына киіз үй орнатылды. Шараға АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюм де қатысты, деп жазады tengrinews.kz.

Дипломатиялық департаменттің Instagram желісінде киіз үй орнатылған видео пайда болды. Жазбада Розенблюмнің "елшілік ауласында қазақ үйін орнату рәсіміне үлкен қуанышпен белсене қатысқаны" жазылған. Кадрларда америкалық елшіге киіз үй тігуді үйретіп жатқанын көруге болады.

Елшілік те Абайдың сөзін келтірді.

"Басқа халықтардың тілі мен мәдениетін зерттеген адам олардың арасында тең болады", - делінген жазбада.

Бүгін қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, философ, ағартушы және композитор Абай Құнанбаев күні атап өтіледі.