Ақсу ферроқорытпа зауытында күйік шалып қаза болған қыздың ісі сотқа жіберілді

0
685

24 мамыр күні Ақсу ферроқорытпа зауытының екі машинисі күйіп қалды.


Ақсу ферроқорытпа зауытында күйік шалып қаза болған қыздың ісі сотқа жіберілді

ERNUR.KZ. Ақсу ферроқорытпа зауытында биыл мамыр айында болған қайғылы оқиғаны тергеп-тексеру шаралары аяқталды. Аталған кәсіпорында екі бірдей кран машинисін термиялық күйік шалып, оның бірі жансақтау бөлімінде көз жұмған еді, деп жазады inform.kz.

Бұған дейін хабарлағанымыздай биылғы 24 мамыр күні Ақсу ферроқорытпа зауытының екі машинисі күйіп қалды. Кейінірек күйіп қалған қыздың бірі комаға түсті. Оның денесінің 80-85 пайызын күйік шалғаны анықталды.

Өкінішке қарай, қыз бала аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды. Ал екінші қыз амбулаториялық негізде ем алып, жазылып шықты.

Өңірлік еңбек басқармасынан хабарлағандай, қазіргі уақытта қаза болған 25 жасар қыздың ісі сотқа жіберілді.

«Бұл оқиғадан Ақсу ферроқорытпа зауытындағы қауіпсіздік шаралары өз деңгейінде ұйымдастырылмай отырғаны байқалды. Кранға ілінген траверс ілмегінен шығып кеткен. Салдарынан кран кабиналарына сұйық металл шашыраған», деп мәлімдеді басқармадан.

Белгілі болғандай, екі кран машинисі де аталған зауытта бес жылдан артық жұмыс істеген.