Ақсу қаласындағы ферроқорытпа зауытының екі машинисін жұмыс үстінде термиялық күйік шалған.
ERNUR.KZ. Зардап шеккендердің біреуі жергілікті ауруханаға жатқызылған. Еңбек басқармасы жұмыс берушіге қатысты тергеу шаралары ұйымдастырылатынын хабарлады, деп жазады inform.kz.
Ақсу қаласындағы ферроқорытпа зауытының екі машинисін жұмыс үстінде термиялық күйік шалған.
«24 мамыр күні Ақсу ферроқорытпа зауытында жұмыс кезінде екі кран машинисін термиялық күйік шалды. Зардап шеккендердің бірі Ақсу орталық ауруханасына жеткізілсе, бірі медициналық тексерістен кейін үйіне қайтарылды. Оқыс оқиға туралы мемлекеттік органдарға хабарланып, мән-жайы анықталып жатыр. Компания қызметкерге барлық қажетті көмекті көрсетеді», - деп мәлімдеді ферроқорытпа зауытынан.
Павлодар облысы еңбек басқармасы басшысының міндетін атқарушы Абылай Сабыров жазатайым оқиғаға қатысты тергеу шаралары ұйымдастырылатынын хабарлады. Оның қорытындысы бойынша келеңсіз жайттың себеп-салдары анықталады.