Ақсуда ветеринарға үй итін өлтіргені үшін айыппұл салынды

0
1 898

Жануардың иесі материалдық залалды өтеуге де жүгіне алады.


Ақсуда ветеринарға үй итін өлтіргені үшін айыппұл салынды

ERNUR.KZ. 20 қаңтарда Ақсу қаласы Қалқаман ауылының полиция бөліміне әйел адам өзінің итін ұйықтатып тастаған белгісіз адамға шара қолдануды сұраған, деп жазады Azattyq Rýhy.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, бұл факті полицияда тіркелген. Учаскелік полиция инспекторы материалды пысықтау барысында 18 қаңтарда Ақсу қаласының ветеринария бөлімі ауыл тұрғындарының арызы бойынша қаңғыбас иттерді (дротикпен ату) атқанын анықтады.

«Осы факті бойынша полиция оқ атқан 24 жастағы мал дәрігеріне қатысты ӘҚБтК-нің 407-2 бабы бойынша әкімшілік іс қозғады. 20 АЕК (69 мың теңге) көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ арызданушы материалдық шығынды өндіру мәселесі бойынша сотқа азаматтық іс жүргізу тәртібімен жүгінуі қажет», – дейді Павлодар облысы Ақсу қалалық полиция бөлімінің бастығы Дәулет Молдабаев.