Күдіктіге қатысты тиісті мінез-құлық туралы жазылу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалып, қажетті сараптамалар тағайындалды.
ERNUR.KZ. Ақтауда ер адамнан қару-жарақ пен ірі көлемде оқ-дәрі тәркіленді, деп жазады Stan.kz.
27 шілдеде Маңғыстау облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерімен 23 жастағы тұрғынның барсеткасына тінту жүргізіп, қару анықтаған.
“Kia Sportage көлігін тексеру кезінде 60 дана РАК маркалы 9 мм патрон тәркіленді. Бұдан әрі ұсталған адамның тұрғылықты жері бойынша жатын бөлмесіне тінту жүргізу барысында бір атаусыз травматикалық тапанша, 720 РАК 9 мм, 40 Барнаул, 30 Гром, 12 калибрлі 6 “10Х24” деген жазуы бар 18 патрон тәркіленді. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 287-бабы 2-бөлігі бойынша Ақтау қаласы ПБ тергеуге дейінгі бірыңғай тіркеліміне тіркелді”, – делінген ақпаратта.
Күдіктіге қатысты тиісті мінез-құлық туралы жазылу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалып, қажетті сараптамалар тағайындалды. Сондай-ақ жоғарыда аталған автокөлік құралы айыптұраққа қамалды.