Ақтауда аралас жекпе-жек шеберінің мәйіті табылды

0
126

Қолданушылар Вусал Жафаровты ұрып-соққанын, денесі көшеде бірнеше күн бойы жатып қалғанын жазды.


Ақтауда аралас жекпе-жек шеберінің мәйіті табылды

ERNUR.KZ. Ғаламторда Ақтаудағы 3-шағын ауданнан табылған ер адамның денесі туралы ақпарат тарады, деп жазады inform.kz.

WhatsApp мессенджерінде 3-шағын ауданындағы қоқыс контейнерлерінің жанынан денесі табылған аралас жекпе-жек спортшысы Вусал Жафаровтың суреттері тарады. Оның дене пішіні бұзылған, толық ісінген, қарайған.

Полиция департаменті ақпаратты растады. Мәйіт бір күн бұрын, яғни 20 қыркүйекте табылған.

-Табылған мәйіт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды. Тергеу жалғасып жатыр. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды, - делінген ведомство мәлімдемесінде.

Қолданушылар Вусал Жафаровты ұрып-соққанын, денесі көшеде бірнеше күн бойы жатып қалғанын жазды.

Ашық ақпарат көздеріне сүйенсек, Вусал Жафаров 1994 жылы 10 қаңтарда дүниеге келген. Кәсіби мансабын 2015 жылы бастады. Ол төрт жекпе-жек өткізіп, біреуінде жеңіске жетіп, үшеуінде жеңілген.