Ақтауда балконнан секірмек болған 41 жастағы әйелді полицейлер құтқарды

0
639

Әйел жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.


Ақтауда балконнан секірмек болған 41 жастағы әйелді полицейлер құтқарды

ERNUR.KZ. Ақтауда полицейлер әйелді суицидтен құтқарды, деп жазады ҚазАқпарат.

1 қазан түнгі сағат 01.40 шамасында 102 желісіне Ақтау қаласының көпқабатты үйдің 5-қабатының балкон қоршауынан әйел адамның секірейін деп жатқаны туралы хабар түсті.

Шақыртуға патруль полиция жасағы, кезекшіліктегі кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектор және қала аумағына түнгі кезекшілікке бекітілген ПБ арнайы қабылдау орнының бастығы барды.

41 жастағы азаматша балкон қоршауына отырып, ешкімнің өзіне жақындамауын талап еткен.

Арнайы қабылдау орнының бастығы Өркен Жүсіпбеков онымен әңгімелесіп, одан асығыс әрекет жасамауды өтінді.

Полиция қызметкері әйелді сөзге тартып, көңілін аулап, оған жақындай бастады.

Секіруге дайын тұрған әйел қолын жібере бергенде тәртіп сақшысы жылдам әрекет етіп, санаулы секунд ішінде оны ұстап алды.

Әйелдің мас екені анықталды. Жеке басын анықтау барысында оның наркологиялық есепте болғаны белгілі болды. Ол бұрын да осындай әрекетке барған.

Әйел жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.