Банк клиенттен комиссия үшін алған 400 мың теңгені қайтарды

0
2 013

Банк 3 миллион теңге көлемінде несие берген


Банк клиенттен комиссия үшін алған 400 мың теңгені қайтарды

ERNUR.KZ. Ақтауда банк клиенттен комиссия үшін алған 400 000 теңгені қайтарды, деп жазады Tengrinews.
Cот ақтаулық тұрғын мен банк өкілдерінің 2015 жылы келісімшарт жасасқанын анықтады. Құжатқа сәйкес, банк 3 миллион теңге көлемінде несие берген. Бірақ клиент ай сайын банк қызметіне 12 мың теңге төлеп тұрған. Осылайша, ол комиссия үшін жалпы сомасы 428 400 теңге төлеген.

"Өтініш берушінің талаптары құқықтық нормаларға сәйкес заңды деп танылды. Ал банк тарапынан тұтынушы құқығының бұзылғаны анықталды. Себебі банк клиентке ай сайын комиссиялық төлем жасап отыруды міндеттеген", - деп хабарлады соттағылар.

Соттың шешімімен банк клиенттің ақшасын толықтай көлемде қайтарды. Сот үкімі заңды күшіне енді.