Видеодан оқушыны әуелі ғимараттың артындағы спорт алаңынан қалай алып кеткені көруге болады.
ERNUR.KZ. 10 мамырда Қазнетте мектеп оқушысын құрдастары ұрып-соғып жатқаны түсірілген видео тарады, деп жазады zakon.kz.
Egov.press Telegram-каналы авторларының хабарлауынша, Маңғыстау облысындағы №28 мектептің оқушылары қатарласын топтасып ұрып-соққан.
Маңғыстау облыстық полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты Zakon.kz тілшісіне түсінік берді.
"Бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесі үшін басқа деректер жария етілмейді", - деп хабарлады полиция.