Ақтауда дәмханада екі адамды атып, қашып кеткен 6 күдікті ұсталды

0
991

Оқиғаға қатысқандардың бәрі уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Ақтауда дәмханада екі адамды атып, қашып кеткен 6 күдікті ұсталды

ERNUR.KZ. Ақтау қаласы криминалдық полиция қызметкерлері бұзақылық ниетпен кісі өлтіруге оқталу фактісі бойынша 6 күдіктіні ұстады, деп жазады Azattyq Rýhy.

«Осы оқиғаға қатысқандардың бәрі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жарияланбайды», - деп хабарлады полициядан.

Еске сала кетейік, 12 қарашада Маңғыстау облыстық ауруханасына «WOW» кафесінен 19 жастағы екі азамат жеткізілген еді.
Олардың біреуінде оқ жарақаты, ал екіншісінде тізе буынының жабық жарақаты болды.
Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілді.
Бұл факт Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлімі және 99-бабы 2-бөлімі 9-тармағы (бұзақылық ниетпен өлтіруге оқталу) бойынша тіркелген.