Белгілі болғандай, жігіттер бұл әрекетті өзара бәстескені үшін жасаған.
ERNUR.KZ. Ақтау қаласында бір топ жігіт жолдың қақ ортасында шомылып, оның бейнежазбасын өз әлеуметтік желілерге жариялаған. Бұл видео полиция назарынан тыс қалмады, деп жазады Stan.kz
Белгілі болғандай, жігіттер бұл әрекетті өзара бәстескені үшін жасаған.
“Мұның бәрі екі арадағы бәстен ұтып шығу мақсатында жасалған. Жолдың қақ ортасына шығып шомылу - бір тараптан екіншісіне келген талап”, – деп түсіндірді Маңғыстау облысының полиция департаментінді.
Полиция видеодағы жігіттер анықталғанын, оларға жаяу жүргінгішілердің жол жүру қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жаза қолданатын хабарлады.