Биіктігі 10 метрге жететін су фонтан тәрізді атқылай жөнелген.
ERNUR.KZ. 19 маусымда кешке Маңғыстаудағы «Қазатомөнеркәсіп» атом электр станциясында құбыр жарылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, биіктігі 10 метрге жететін су фонтан тәрізді атқылай жөнелген. Оқиғаны куәгерлер видеоға түсіріп алған.
Компания «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС ЖЭО-3-тегі теңіз суының сол жақ құбырындағы тексеру люгі жарылып кеткенін хабарлады.
«Бірінші теңіз құбыры арқылы беру өшірілді, екінші құбыр жұмыс істеп тұр. Жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Кәсіпорынның ауыз су мен электр энергиясын өндіруіне еш шектеу жоқ», – деді «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС өкілдері.