Ақтауда көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты (видео)

0
339

Құтқарушылар қызыл жалынды 16 минут ішінде ауыздықтады.


Ақтауда көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты (видео)

ERNUR.KZ. Ақтаудағы 10 қабатты Otyrar City тұрғынүй кешеніндегі пәтердің сыртқы қаптауы өртенген. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенше тұрғын үйден 60 адам эвакуацияланды, деп жазады stan.kz.

Төтенше жағдай бүгін сағат 6:18 шамасында болған.

“Өрт сөндірушілер келгенше 60 адам алдын ала эвакуацияланды. ТЖД қызметкерлері баспалдақ маршымен 15 адамды, оның ішінде 8 баланы эвакуациялады. 2100 шаршы метрді шарпыған өрт толығымен сөндірілді”, – делінген хабарламада.

Құтқарушылар қызыл жалынды 16 минут ішінде ауыздықтады.

Төтенше жағдай кезінде ешкім зардап шеккен жоқ. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Бұған дейін Ақтөбе облысында 10 жастағы қыз көлікте тірідей өртеніп кеткен еді.