Ақтауда құлаған кранның ішінде болған құрылысшы жан тапсырды

0
1 151

24 жастағы жүргізушінің сүйегі сынып, басы жарылған.


Ақтауда құлаған кранның ішінде болған құрылысшы жан тапсырды

ERNUR.KZ. Ақтауда құлаған кранның кесірінен жараланған жұмысшы қайтыс болды. Ол облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде сегіз сағат бойы есін жимаған. Бұл оқиға 19-шы ықшамаудандағы құрылыс алаңында болған, деп жазады ktk.kz.

Ақтауда көтермелі кран тапа-талтүсте істен шығып, құрылыс алаңына құлап кетті. Дәрігерлер кранды басқарушы жігіттің өмірін сақтап қалуға өліммен 8 сағат бойы арпаласыпты, дегенмен құрылысшы есін жимай, жансақтау бөлімінде көз жұмды.

Қазіргі кезде тергеушілер жұмысшының қандай биіктіктен құлағанын анықтау үстінде. Нысан құрылысы уақытша тоқтаулы екен.

"Еңбек ережесін бұзған үшін" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалыпты. Оқиға орнына 5 минуттан кейін келіп жеткен жедел жәрдем краншыны шапшаң түрде ауруханаға жеткізіпті. Алайда бірнеше жерден сүйектері сынып, бас сүйегінің жарақатын алған ер азамат ем қабылдау орталығында жан тапсырған. Еңбек инспекциясы оқыс оқиғаны тексеру үшін арнайы комиссия құрып, қайғылы жайттың себептері мен кінәлілерді анықтайтын болады.

"Ер азаматтың алған жарақаттарының ауырлығы оның айығуына кедергі келтірді. Дәрігерлер қолдарынан келгеннің барлығын жасаған, алайда құрылысшыны құтқаруға мүмкін болмады. Бастапқы қойылған диагноз "ми комасы", яғни краншы комаға түсіп, содан оянбай қалған. Ал азаматтың қандай биіктіктен, не себепті құлағанын жедел-тергеу тобы анықтауда", - деп мәлімдеді Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Нұрбол Оқуов.