Әкесі үш қызын да зорлап келген деп айыпталуда.
ERNUR.KZ. Маңғыстау облыстық полиция департаменті кіші жастағы қыздарын зорлады деп айыпталған әкеге қатысты сот-медициналық сараптама шыққанын мәлімдеді, деп жазады Stan.kz.
Айта кетейік, анасы қыздарының, әсіресе, 2005 жылы туған қызының туған әкесінен сексуалды зорлық көргенін айтқан. Маңғыстау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі, сот-медициналық сараптама нәтижесіне бойынша, әкесінің қыздарға сексуалды зорлық көрсеткені расталған жоқ.
«Сонымен бірге, іс бойынша барлық мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті тергеуге бағытталған іс бойынша қосымша тергеу амалдары жүргізілуде», – делінген хабарламада.
Қаңтар айының соңында әйел адам БАҚ-қа хабарласып, жағаұстарлық жайтты баяндады. Айтуынша, оның 10, 12, 14 жастағы қыздары туған әкесінен сексуалы зорлық көрген.
Алайда анасы полицияға жазған арызында 2005 жылы туған бір ғана қызының, зорланғанын атап көрсеткен.